Онлайн
өтінім

САПАЛЫ

ТЕЗ

БІРЕГЕЙ

ТИІМДІ

Сыртқы жарнама ГЕРБ

СЫРТҚЫ ЖАРНАМА – бұл тек қана Сіздің компанияңыздың бейнесі ғана емес, сонымен қатар жаңа клиенттерді тартудың және өз имиджіңізді ұстап тұрудың ең үздік құралдарының бірі.

СЫРТҚЫ ЖАРНАМА – бұл тек қана Сіздің компанияңыздың бейнесі ғана емес, сонымен қатар жаңа клиенттерді тартудың және өз имиджіңізді ұстап тұрудың ең үздік құралдарының бірі.

«Киімге қарап қарсы алады» дейді, Сіздің кеңсеңіздің, дүкеніңіздің, салоныңыздың кіреберіс маңдайшасы да дәл сондай киімді қажет етеді, ал ол дегеніміз сыртқы жарнаманы білдіреді. Егер Сізді жылылықпен және қуанышпен қарсы алғанын қаласаңыз, онда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Сіз біздің қызметімізге жүгінгеніңіз жөн болады.

Астанада сыртқы жарнама

Сыртқы жарнама — қаладағы бизнесіңізге назар аударудың ең тиімді тәсілі. Жарқын маңдайша, жарық жәшік немесе көлемді әріптер тәулік бойы жұмыс істеп, компанияның имиджін қалыптастырады. Төменде Астанадағы сыртқы жарнама қызметтеріміз.

Мемлекеттік рәміздер

Арнайы лицензия бойынша мемлекеттік рәміздерді дайындау.

Астанада сыртқы жарнама

Жарықтық маңдайшалар

Сыртқы «визиттік карточка» - көлемді және тегіс, жарықтандырғышпен және жарықтандырғышсыз болуы мүмкін.

Астанада сыртқы жарнама

Көлемді әріптер

Әр түрлі пішіндегі көлемді әріптер кіреберісті ресімдеудегі ең стилді және аса тиімді түрі болып табылады. Олар жарық беретін (ішкі жарықтандыру, ашық жарықтандыру, кері және құрамдастырылған жарықтандыру), сондай-ақ ішкі ресімдеу үшін өте орынды болып табылатын қандай-да бір жарықтандырусыз болуы мүмкін.

Астанада сыртқы жарнама

Тақтайшалар

Рәсімдеудің және келушілерді ақпараттандырудың ең аз шығынды талап ететін түрі. Тақтайшалар әртүрлі типте болуы мүмкін және сан алуан технологиялармен дайындалады: лазерлік нақыштама, аппликация, тікелей басып шығару, көлемді белгілер, құрамдастырылған технологиялар.

Астанада сыртқы жарнама

Стендтер

Бейне мен мәтін түріндегі ақпарат көрсетілетін кез-келген пішіндегі, өлшемдегі және бекіту түріндегі конструкция. Стендтер ұзақ уақыт бойы қызмет етіп, тиімді пайдаланылуы үшін көлемді белгілер мен қалташалардың үйлесімінде дайындалуы мүмкін.

Астанада сыртқы жарнама

Баспасөз-қабырғалары

Бір сөзбен айтқанда баспасөз-қабырғасы – ол «баспасөзге арналған қабырға». Бейне фонында фотосуретке түсетін, сұхбат алатын, логотиптерді, тақырыптық бейнелерді және мәтінді пайдаланып, фондық кеңістікті ресімдеу үшін қызмет етеді. Баспасөз-қабырғасы корпоративтік іс-шарада, сонымен қатар жеке іс-шараларда да пайдаланылады.

Астанада сыртқы жарнама

Ферма конструкциясы

Аталған конструкция сол баспасөз-қабырғасы үшін тірек болып табылады. Кез-келген өлшемдегісі жиналады, жалға беріледі, аздаған минуттар ішінде бөлшектенеді.

Астанада сыртқы жарнама

Өрмекші

Жарнама немесе ақпараттандыру үшін пайдаланылатын мобильді конструкция. Сондай-ақ оны «Х бағана» деп атайды – көп реттік пайдалануға жарамды, бейне мен мәтіннен тұратын төсемі жеңіл және тез ауысады. Стандартты өлшемдерге ие.

Астанада сыртқы жарнама

Roll-up

Роллерлік механизмді конструкция. Функциялары «өрмекші» тәрізді. Ақпарат жазылған төсемді құрастыру мен бөлшектеу «Х бағана»-ға қарағанда күрделірек. Сондай-ақ стандартты өлшемдерге ие.

Астанада сыртқы жарнама

Pop-up

Стандартты өлшемдерге ие мобильді конструкция. Жарықтандырғышпен, трибуналы болуы мүмкін. «Баспасөз-қабырғасы» тәрізді фондық ресімдеу қызметін атқарады.

Астанада сыртқы жарнама

Көрсеткіштер

Жарнамалық-навигациялық көрсеткіштер едендік, аспалы, қабырғалық, жарықтандырғышпен және жарықтандырғышсыз болуы мүмкін.

Астанада сыртқы жарнама

Интерьерлік кең форматты баспа

Кең форматты баспа – ол орамдар мен парақтық материалдарда үлкен форматтағы бейнелерді басып шығару. Оның 2 түрі бар: 1) бөлме ішінде пайдалануға арналған интерьерлік баспа, біздің жағдайда жоғары сапалы ЭКО-баспа, 2) сыртқы жарнамаға арналған кең форматты баспа.

Астанада сыртқы жарнама

Жалаушалық баспа

Жалаулар дайындауға арналған, сондай-ақ баспасы бар матаны басқа да пайдалануға арналған кез-келген күрделіліктегі матадағы тікелей баспа.

Астанада сыртқы жарнама