Онлайн
өтінім

Біз VIP сөзінің мәнін жетік түсінеміз, егер Сіз де түсінетін болсаңыз, онда жолымыз бір болғаны, Сіздің клиенттеріңізді Сіздің логотипіңіз жазылған кәдесыйлық өнімдерімен бірге таңқалдыратын боламыз.

Сыйлық деген жақсы нәрсе, бірақ ол жақсы сапада және талғаммен жасалған болуы керек, ал бізде басқаша болуы мүмкін емес.

Логотипі бар швейцариялық қол сағаттары (брендтелген)

Егер сағат болса, тек қана швейцариялық болсын. Егер сыйлық серіктесіңізге, қызметкерлеріңізге болса, онда тек Сіздің компанияңыздың логотипімен болсын. Қол сағаттары – бұл классика, ол әрқашанда өзекті және сәнді сыйлық. Қол сағаттарындағы Сіздің корпоративтік нышаныңыз минут сайын Сіз бен Сіздің компанияңыз туралы еске түсіріп тұрады.

Үстел сағаттары

Жұмыс үстеліндегі таптырмайтын кәдесыйлардың бірі – бұл үстел сағаттары, нақтырақ айтқанда Сіздің компанияңыздың логотиптері мен контактілері жазылған.

Кенепте фото-суреттер дайындау

Табиғи кенепте экологиялық таза бояулармен басылған көшірмелермен, бейнелермен кеңсені безендіру интерьердің қазіргі заманғы дизайнындағы тренд болып табылады.

Толықтүсті UV басып шығару

Кез-келген жазық бетке бейнені толықтүсті басып шығару кәдесыйды, кеңсе атрибутын және т.б. ресімдеудегі жаңа шешімдердің бірі болып табылады.

Лазерлік нақыштамасы бар Apple өнімдері

Apple компаниясының кез-келген өнімі – бұл жаңа технологиялар мен стиль көрсеткіші. Дәл біздің технологиялар Сіздің сүйікті көмекшілеріңізге теңдесіз даралық беруге мүмкіндік береді.

Италияндық өнімдегі күнделіктер

Италияндық тері әрқашанда өзінің сапалылығымен бағаланған. Сапа мен креативтілік үйлескен кезде бірегей және пайдалы өнім алынады. Дәл біздің дизайнымыз бен италияндық өндірістің өнімі күнделік тәрізді жиі қолданылатын және тривиальды десе де болатындай сыйлықтардың ішінен Сіздің презентіңізді айрықша көрсетуге мүмкіндік береді. Тек қаптамасында ғана емес, сондай-ақ маңызды жазбаларға арналған әрбір бетінде Сіздің компанияңыздың логотипі бар атаулы күнделік, жазба кітапшасы!

Жарқырауыш стақандар

Өз серіктестеріңізді таңдандырғыңыз келе ме? Онда әдеттегі ыдысты заманауи интерьердің бір бөлшегіне айналдырған жаңа трендті ұстаныңыз. Креативті аксессуар үнемі Сіз бен Сіздің компанияңыз туралы еске салып тұрады, себебі таңғажайыптылықты көру үшін оны үнемі ұстағың келеді және әлбетте Сіздің логотипіңіз.