Онлайн
өтінім

Кенепке басып шығару

Кенепке басып шығару - тамаша сыйлық немесе интерьердің керемет толықтырушысы бола алатын әшекейлеу элементі. Кенептегі суретті көңіліңіз қалаған жерге – жатын бөлмеге, ас үйге, дәлізге, кеңсеге және т.б. орналастыруға болады.

Кенепке басып шығару: түрлері

Егер сіз фотосуреті бар кенеп – жалықтырады, қызықсыз деп ойласаңыз, қателесесіз. Қазір кенепке басып шығаруды тамаша интерьер элементіне айналдыратын стильдер өте көп. Түрлері қандай болады?

Кенепке модульді басып шығару

Сурет бірнеше бөлікке (модульге) бөлінеді. Осылайша бір сурет бірнеше кішкентайға бөлінеді. Модульдердің саны мен өлшемін сіз өзіңіз таңдайсыз. Мұндай сурет үйіңіздің интерьерін тамаша толықтырады.

Кенептегі фотоколлаж

Тек 1 фотосуретті таңдай алмайсыз ба? Мәселе жоқ! Бұл жағдайда коллаж тапсырыс беруге болады. Кеңес: түс үйлесімі мен тақырыбы ұқсас суреттерді таңдаңыз. Ең тамаша нұсқа – кәсіби фотосессиядан алынған фотосуреттерден коллаж жасау.

Модульді фотоколлаж

Кенепке жасалатын модульді фотоколлаж - ең қызықты шешім. Элементтер бір-бірімен байланыспағандықтан, сіз кішкентай суреттерді орын ауыстыра аласыз, осылайша сіздің негізгі суретіңіз өзгеріп отырады. Кенептегі модульді фотоколлаж – тамаша отбасылық сыйлық.

Кескіндемеге стильдендіру

Фотосуретіңізді картинаға айналдырғыңыз келе ме? Мұнда сізге Naira баспаханасы көмектесе алады.

Кенептегі репродукция

Жатын бөлмеңізге "Адамның жаралуын" ілуді бұрыннан армандадыңыз ба? Кез келген белгілі картинаны кенепке басып шығаруға болады.

Кенептегі сурет жасау процесі қалай өтеді?

  • Алдымен біз суретті ең жоғары сапалы аппақ кенепке басып шығарамыз.
  • Содан кейін кенеп подрамникке керіледі. Біздің шеберлеріміз мұны шеберлікпен жасайды – сіз бірде-бір қапсырманы көрмейсіз.
  • Одан кейін бояуы күймес үшін сурет 2 қабат акрил лакпен жабылады, +механикалық зақымданудан қорғаныс.
  • Соңында ілу бекітпесі орнатылады және…
МІНЕ! Сіздің суретіңіз дайын. Кенепке басып шығаруға біздің Naira баспаханасында тапсырыс бере аласыз. Сіз басып шығару сапасына, дайындау жылдамдығына және төмен бағаға риза боласыз.